Қара-ай көзім (исполнитель: Ардак Балажанова)
Ауылым көшіп барады белден асып, Белден асқан бұлттармен араласып-ай. Аулың шалғай кеткенде, беу, қарағым, Ақ қағазбен тұралық хабарласып-ай. Қара көзім, Есіңде ме кешегі Айтқан сөзің-ай? Ауылым көшіп барады (ы)лай көлге, Қызыл бешпет жарасар қынай белге-ай. Аулың шалғай кеткенде, беу, қарағым, Көздің жасын көл қылып жылай берме-ай. Қара көзім, Есіңде ме кешегі Айтқан сөзің-ай?