Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Жәудіреген мөп-мөлдір көзің қандай
Елжіретер жүректі сөзің балдай
Толқынындай теңіздің тербетілген
Сен дегенде мендегі сезім қандай

Жаңа туған айдай жадыраған таңдай
Жақұтым боп менің келші жаныма
Ақ көгершін құстай менен алыс ұшпай
Бақ құсым боп менің қоншы бағыма

Айналаңа нұр шашқан жарық шамдай
Ақ жүзіңді көрген жан таңданғандай
Үлбіреген үмітке жетелеген
Сен дегенде мендегі арман қандай

Жаңа туған айдай жадыраған таңдай
Жақұтым боп менің келші жаныма
Ақ көгершін құстай менен алыс ұшпай
Бақ құсым боп менің қоншы бағыма

Жаңа туған айдай жадыраған таңдай
Жақұтым боп менің келші жаныма
Ақ көгершін құстай менен алыс ұшпай
Бақ құсым боп менің қоншы бағыма
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ты замужем Петлюра Виктор  Mujuice - Приключения  Пока ты молодой  Обманул сердце  Tocotronic  Александр Лунев  Я не вернусь 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен