Қанатым жоқ... (исполнитель: ШYNGYS)
Құрдастарымның бар қатын, бала-шағасы, Ал менің жүрісім сол рэп, жастармен таласып. Үміттенем қасымда сенімді жігіттер, Бірақта олардың үміті қаншаға жетер?! Менің жүрегім төсегім сияқты, Бір аруды сүйіп талайын аймалапты. Ыстық оңтүстік бермеді жаныма жылу, Жалғыз мақсат баю, бақытты сатып алу. Барлығы бала кезде ержетуді армандап, Есейгенде артына қарайды жалтақтап. Қиындықтар бұрындары көрінген оңай Сауытыңды сөгіп сағыңды сындырды оңдырмай. Құрдастарым кешегі асыр салып ойнаған, Қарындары шыққан көздері жоқ жалындаған. Құрып кеткір өмір жейді біздерді жегідей Бүркіт болуды армандап ғұмыр кешеміз есектей. Қайырмасы: Армандадым қалықтауды, Бірақта қанатым жоқ. Бұзғым келеді құрсауды, Күресудің мәні жоқ... Алматы Мәскеу сияқты көзжасыңа сенбейді, Сен мешітке барғанда ол таңдайды шіркеуді. Қызға маңызды жігіт үстіндегі брэндтері, Жігітке маңызды қыздың тұрақты бергені. Жаным-ау, бәрібір жоқ болсада қыздығың, Бүгін менікі ертең боласың өзгенің. Жалғыз қалмайын деп қыздығыңды тіктірдің, Бақытын тапқанына мәз болып жүр күйеуің. Бұрында қойдым періштенің рөлін ойнауды, Мақсат етіп қойғаным жоқ барлығына ұнауды. «Тыңдарманға адалмын!» қазір сәнді ұран, Ақша үшін дайынсың ба аттауға намыстан? Сенің өмір үшін күресің оларға қылмыс, Біреудің қасіреті олар үшін мол табыс. Менің суықтығым жәй ғана қорғаныс, Соғысты доғармаймын болмасамда Алпамыс.