Сонгы вальс. (исполнитель: .)
Сезімнің арқаладық ауыр жүгін, Екеуміз қоштасып тұрмыз, жаным, бүгін. Соңғы вальс, қоштасуға амал қалмады, Мөлдіреп көздерімнен жас тамады. 1.Сүйсіне қараушы едім көздеріңе, Ұмыттың ба мені, жаным, әлде өзгердің бе? Көмегі тимеді ғой сөздердің де, Ендеше бақытты бол, қалауың өз еркіңде. 2. Жаралы аққу көрдім көл бетінде, Қимастықты байқадым аққудың келбетінде. Айрылып серігінен ол да жалғыз, Мен секілді күй кешіп жүр ғой жер бетінде. Сезімнің арқаладық ауыр жүгін, Екеуміз қоштасып тұрмыз, жаным, бүгін. Соңғы вальс, қоштасуға амал қалмады, Мөлдіреп көздерімнен жас тамады 3. Ертегі өмірім де бітті менің, Бақытты болғаныңды қалаймын жаным сенің. Қай жақтан іздеп табам жүрек емін, Сені көрсем тарылады іштегі менің демім. 4. Ес-түссіз ғашық едім жаным саған, Қоштасуға не себеп, айтшы, айтшы маған, Менің қайғымды түсінер бар ма адам? Жаныма дауа іздеп, жаным-ау, қайдан табам? Сезімнің арқаладық ауыр жүгін, Екеуміз қоштасып тұрмыз, жаным, бүгін. Соңғы вальс, қоштасуға амал қалмады, Мөлдіреп көздерімнен жас тамады 5. Қимастықты жасыру, түсінші маған қиын, Жоғалтып алдым өмірдің берген маған сыйын. Енді бірге бола алмаймыз, сену маған бір қиын, Өзіңсіз өткен күннін құны жаным, бір тиін, Маған соңғы жасаған, жаным, болсын бір сыйың, Қоштасудың билейік соңғы вальс бір биін. Өңім бе, әлде түсім бе, көздеріме сенбеймін, Бұл тағдырдың жазғанына көне алмаймын, көнбеймін. Мүмкін, жаным, дұрыс шығар айрылысып жатқанымыз, Күн секілді шығып барып, уақытында батқанымыз, Кім біледі дұрыс шығар өзге жанды тапқанымыз, Сол жанмен бірге болып бақыт шамын жаққанымыз. Сезімнің арқаладық ауыр жүгін, Екеуміз қоштасып тұрмыз, жаным, бүгін. Соңғы вальс, қоштасуға амал қалмады, Мөлдіреп көздерімнен жас тамады.