Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Алау шақ өтеді-ау, Сағынышым шекер-ау, Біз аңсаған бақыт қайда екен? Өткен күндер бекер-ау, Оралмайды екен-ау, Қиялыммен сені тербетем… Жүректегі шырыным, Құлағымда тұр үнің, Көңілде солмай жүрген гүлім. Аңса, мейлің, аңсама, Сағынышпен қаншама, Оралмайтын күндер екен ғой… Қайырмасы: Жалт етіп өткен, Сонау бір көктем, "Қош бол" енді деймін бе саған. Жүрегім енді, Бәріне көнді, Қош бол, қалқам, жеткізбеді арман… Шуағым, сәнім-ау, Айтылмаған әнім-ау, Естелік боп қана қаласың. Көңіл деген әрқалай, Жүрмедің бе қалқам-ай, Жүректердің жалғап арасын. Кезікпейсің енді сен, Кезікпеймін енді мен, Аңсаумен өткен күндер қанша?