Бала кез (исполнитель: Жубаныш Жексенулы)

Құлыншағы желбіреп, ооооооооу.
Ет жүрегі елжіреп,
Ең ардақтым келді деп,
Қарсы алатын мөлдіреп,
Жан анам — ау деп еркелеп.

Өрімдей боп өртенем оооооооооу.
Көрді аспан, көрді көк.
Өнегемдей көркем ед!
Айтылмаған ертегі ед,
Үйден кеткен ертерек.

Арасынан сағымның,
Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу!
Белгісіндей бағымның.
Куәсі сол шағымның,
Қара көзді — өй сағындым, оооооу!
Бала кезді сағындым.

Сырсыз атқан аппақ таң, оооооу!
Жұлдыз сөнбей жатпаған,
Көктем болса жүрегім,
Көңілімде ат боран,
Сол шақты іздеп таппаған.

Көп нәрсені аңдаған, оооооу!
Қия көкке самғаған.
Уақытқа да таң қалам,
Көз жасымдай тамбаған
Бүгін барі-ей ән маған!

Арасынан сағымның,
Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу!
Белгісіндей бағымның.
Куәсі сол шағымның,
Қара көзді — өй сағындым, оооооу!
Бала кезді сағындым.

Құлыншағы желбіреп, ааааааа.
Ет жүрегі елжіреп,
Ең ардақтым келді деп,
Қарсы алатын мөлдіреп,
Жаным — ау деп еркелеп.

Арасынан сағымның,
Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу!
Белгісіндей бағымның.
Куәсі сол шағымның,
Қара көзді — өй сағындым, оооооу!
Бала кезді сағындым.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Пусти меня в душу 2  Halo of the gone  Diamonds Toky  Эдшпиль бадабум  This is hellowen  Stormy Night MYK  Paul Bunyan  Blast of Wind 
О чем песня
Жубаныш Жексенулы - Бала кез?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен