Ак Еркем Ак Жайык (исполнитель: Каспий)

Арманым саған ауған,
Самал соқса жағалаудан.
Жүректе тербетілген
Ақжайығым,
Ақеркем,
Аңсаған ән өлкем.
Жаным-ау дара туған,
Ағыстардан жаратылған,
Жайықтың жағалай 
Тал жағасынан
Қымбаттым,
Сен маған тіл қаттың

Қайырмасы:
Өзіңсің жаным,
Жаңғыртқан әнім,
Каспийдің толқын тауларын.
Сенбісің көгілдір махаббаттым,
Алқызыл алаулы таңдарым. 

Айдыным шалқыған бір,
Дидарыңда толқыған нұр.
Мен сені көрдім, еркем,
Ерке теңіз
Аспанға маржандар шашқанда.
Айрылмас достығыңның
Айғағы ма қос бұрымың,
Жанымды нұрландырып,
Сенің шолпан жанарың
Алаулап барамын.

Қайырмасы:
Өзіңсің жаным,
Жаңғыртқан әнім,
Каспийдің толқын тауларын.
Сенбісің көгілдір махаббаттым,
Алқызыл алаулы таңдарым. 

Бір сәуле күлімдеген
Жанарыңнан дірілдеген.
Мен сені балықшының
Арманынан
Жан, сәулем іздеймін аңсаумен.
Арманым саған ауған
Самал соқса жағалаудан.
Жүректе тербетілген
Ақжайығым
Ақеркем
Аңсаған ән өлкем.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Foo Fighters Have It All  Филипп Киркоров немного жаль  Я хотела бы нарисовать мечту  Archive nothing else  Foo Fighters Disenchanted Lullaby  Foo Fighters Tired Of You  Foo Fighters Lonely As You 
О чем песня
Каспий - Ак Еркем Ак Жайык?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен