Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
с. Мұқағали Мақатаевтікі ә. Т. Сарыбаевтікі 1. Наурыз, наурыз, күн игі! Күні игі жердің - түрі игі. Бауыры жылып науат-қар, Бабымен ғана жібиді. Наурыз, наурыз, күн игі! Күні игі жердің - түрі игі. Шашылып ырыс шанақтан, Шақырып бір үй бір үйді, Шаттанушы еді бір игі. Пр. Наурыз айы туғанда, Той болушы еді бұл маңда. Сақталушы еді сыбаға, Сапарға кеткен ұлдарға, Наурыз айы туғанда. 2. Осынау игі кең жерге, Наурыз айы келгенде, Наурыз тойын болганда, Келіп ем өмір - орманға, Осынау игі кең жерге, Наурыз тойы келгенде, Көрмегендер де - арманда, Арманда - оны көрген де. Наурыз айы келгенде.