Айелдер-ай (исполнитель: Мукагали Макатаев)
Әйелдер-ай! Әйелдер-ай! Қандайсың?! Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың. Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың, Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың, Әйелдер-ай! Әйелдер-ай,қандайсың?! Әйелдер-ай,қулар-ай, Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай! Біле тұра бүйректерің бүлк етіп, Кетесіңдер тыңдай тұра,тыңдамай. Әйелдер-ай,қулар-ай! Әйелдерді еркектерден көп дейді. Мейлі! Мейлі! Бола берсін көп мейлі! Әйел деген әдемі ғой, әдемі, Әдемілік бізге көптік етпейді... Мұқағали Мақатаев