Не пайда? (исполнитель: Нұр-Мұқасан)
Нур-Mукасан - Не пайда? Көгiлдiр көлден не пайда Жағасы жайсыз жар болса Суы ашық балығы аз Жиегі тайыз тар болса ___ Көк аспаннан не пайда Көгiнде күн күлмесе Қыздар жиған мақтадай Ақша бұлттар жүрмесе Биік таудан не пайда Шыңында ақтар жатпаса Сылдырап аққан тау суын Сүйсініп балдай татпаса ___ Шайқалған балдан не пайда Жемiсiн жазда татпаса Шаршап бiр келiп жұмыстан Саясында жатпасаң Жарық күннен не пайда Үйіңде таңың атпаса Бұл өмiрде қызық не Бұзығын шулап жатпаса ___ Байлықты жиған не пайда Артыңда ұрпақ қалмаса Түн ұйқыңды бөлгізген Сәбиден қолың талмаса Ер жiгiттен не пайда Қолына қару алмаса Елiн жарын туғанын Дұшпаннан сақтап қалмаса ___ Аталы ұлдан не пайда Баталы сөздi ұқпаса Арақ iшiп мас болып Үлкенді үлгi тұтпаса Бір туғаннан не пайда Бірлігі оның болмаса Ыстыққа бірге жылынып Суыққа бірге тон басып Ағайыннан не пайда Көре алмай сенi күндесе Фәнидің жалған екенiн Тiрлiкте ойлап бiлмесе Сансыз достан не пайда Жаныңды сенiң сезбесе Шындықты бiрге іздесіп Қиындыққа төзбесе ___ Жастық шақтан не пайда Жалындап бір жанбаса Айлы түнде қыдырып Махаббатқа қанбаса Кәрiлiктен не пайда Қартайып қызық көрмесе Асырап баққан ұл-қызың Қарызыңды өтеп бермесе ___ Сұлу қыздан не пайда Ресторан жанын торласа Доллар ушiн әркіммен Ар намысын қорласа Сулу жардан не пайда Тiрлiкпен iсi болмаса Iздеп бiр досың келгенде Иiлiп тосек салмаса ___ Көп бiлгенен не пайда Пайдасыз iште сақтасаң Жастарды жиіп қасыңа Бiлгенiңді айтпасаң Мен бақылдан не пайда Тыңдайтын жан болмаса Бiлiмдiден шыққан сөз Жүрекке барып қонбаса Ойыңды жинап келгенде Айтарым саған азамат Мұратыңа жетепесең Жамандыққа беттесең Ақыл айтқан адамға Өзім білем кет десең Бұл өмірден не пайда Халкыңа қызмет етпесең Бұл фәниден не пайда Бұл жалғаннан не пайда Халқыңа қызмет етпесең