Айхай 25 (исполнитель: М.Бесбаев & Т.Серіков)

Ай-хой, жиырма бес

Жиырма бесте мен-дағы болып едім 
Үйде болмай бөтен жер қонып едім 
Сағындырған жиырма бес 
Шыққан мүйіз кәнекей соныменен 
Сонда да айға жетпейді-ай қолым менің 
Сағым қуған жиырма бес

Қайырмасы: 
Ән салатын, тамсанатын, 
Жеңгем ұрсып қарсы алатын уа, шіркін 
Сағым қуған жиырма бес 
Жиырма бесте балаларым 
Тату болсын араларың уа, шіркін 
Қайта келмес жиырма бес

Өзегінде қан ойнап қызып тұрған 
Қартыңды да қырау бас қызықтырған 
Алаулаған жиырма бес 
Көз қарытқан ойнақы жүзік сырдан 
Сыбағасын сездірмей үзіп тынған 
Жалаулаған жиырма бес

Қайырмасы: 
Түн ұйқысын төрт бөлетін 
Жанып, кейде өртенетін, ой-пәллі-ай 
Сағындырған жиырма бес 
От болатын, шоқ болатын 
Бар болатын, жоқ болатын, ой-пәллі-ай 
Сағым қуған жиырма бес 
Жалғасы:

Елең қылмас қақаған мұз-жауынды 
Серілікпен өткізген түз дәуірді 
Бұлқын атқан жиырма бес 
Серік етіп серпілген күз-дауылды 
Желік етіп желпінген қызды ауылды 
Сылқым атқан жиырма бес

Қайырмасы: 
Күнде ойын, күнде думан 
Сұлу іздеп, арман қуған, ой-пәллі-ай 
Сылқым-сері жиырма бес 
От болатын, шоқ болатын 
Бар болатын, жоқ болатын, ой-пәллі-ай 
Жын да, пері жиырма бес

Өзің едің жиырма бес аңсағаным 
Аңсағанда шырқатып ән саламын 
Сағындырған жиырма бес 
Ән саламын, жиырма бес, тамсанамын 
Тамсандым деп баршаға жар саламын 
Сағым қуған жиырма бес

Қайырмасы.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Тили-тили-бом закрой глаза скорее  Я влюблена Винкс  Paso последняя шутка  А ми не ангели парень  А той которая была с тобой  Малинин а на том берегу  КДК- глупышка  T1One - Аромат твоей кожи 
О чем песня
М.Бесбаев & Т.Серіков - Айхай 25?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен