Жетім бала (исполнитель: Mufty)
1) Өртеніп барады ауа, Кетіріп кенезені. Тұмшалап қара бала Жауып жүр терезені... Бұл да бір сорлы бала - Тағдыры сыртын берген. Шешесі - болды мола, Ағайын қырқын* берген. Көзінің жасы кепті, Басылды жылағаны. Құдайы "нәсіп" етті Тағы бір "сыбағаны!.." Жатырған қан түкіріп... Әкесі әлсіреді. Барады жан қысылып. Баласы - бар тілегі!.. "Ғұмырдың шаңды желі Кеудемді қапқанын-ай!.. Кіндіктен жалғыз еді, Ұлымды сақта, Құдай!.." Үмітін үзген ауру Құлынын қия алмайды. Дерті оның - жұқпалы ауру - Баласын сүйе алмайды!.. Білініп шаршағаны, Бала да жатыр, әні... Түсінде аңсағаны - Анасын шақырады!.. Аурудың тұманданған Көзінен көшеді бұлт. Жалынып бір Алладан, Сонда да етеді үміт!.. Қ-сы: Істерім жақсы демеймін, Қиындық жеңіл демеймін!.. Мойындағы жүктерім Бұны калай кетірейін... Өмірдін ащшысына, Пендені жегідей жейтін - Жаныңа тыным бермейтін. Көнуге пенде нетпейді!.. 2) Еріні шыт-шыт болып, Бейшара күлбірейді. Күн батса - қырсық торып, Кірпігі ілінбейді!.. Тер қатып қабағында, Бермейді жанға медет. Дүние - жанарында Ойнайды қанкөбелек!.. Дем жетпей, тұншығады, Шыдар ма ұзақ түнге?.. Ертең де Күн шығады, Жарығы, бірақ, Кімге?.. Ұзамай қара бала - Әкесін көміп келді. Жүрегі жара бала - Үміті сөніп келді!.. Баяғы кескіні жоқ - Айналды тас - балаға. Жылайтын ешкімі жоқ, Бұл - енді басқа бала!.. Құшаққа қысып тұрған - "Жалғыздың Жары - Құдай!.." Жетімге түсіп тұрған Жалғанның жарығын-ай!..