Өмірдің ақиқаты (исполнитель: RapLady aka Aika)

Өмірдің ақиқаты
Құласам қара жерге,қолын созбас ешкімде,
Бұл заман азып-тозған сенбеу керек ешкімге.
Қара сөздің төркіні бұл өмір ақиқаты,
Айтылу керек сөздер ашығынан және нақты.
Бірі патша отырған,ұрып сасық көкірегін,
Бірі патшайымдай өзгелерге жекіреді.
Ақшаның құнын білмей,кезген әлемнің түкпірін,
Бұрынғы теледидар секілді өмірдің сұры.
Ұрып,соққыға алған күштілер әлсіз пендені,
Иіскеп бәле-батырды,қолына салған инені.
Қыздар бастарын қосып,тоздырған түнгі көшені,
Ер емес ез жігіттер бір ауыз сөзден өшеді.
Қайда кешегі күндер оралып келмесі анық,
Өмірдің ақиқаты параққа жырлармен тамып.
Қалып кәрілер  әлсіз,төрт қабырғаның ішінде,
Білімге емес адамдар сенген ақшамен,күшіне.
Қ-сы
Өзгерген әлем,өзгерген пенде,
Кешегі дос,бүгін дұшпан ешкімге сенбе.
Алланың құлы бар адамзаты,
Есіңде болсын дос бұл өмір ақиқаты

Сен көкірек қағасын,патшасысын монитордың,
Тақылдатып пернелерді,ашасын жалғанның торын.
Ғаламторын сенің өміріңе айналған ба?
Күліп ал,ертең жылайсың топыраққа айналғанда.
Бөліп-жарып кедейді,жетімді қоспай қатарға,
Құлаққа салып құлаққабық тынышталасын жатарда.
Безіп жақындарынан,шаңын шығарып клубтың,
Таза ауаны емес,есірткі иісін жұттың.
Құрттың денсаулығыңды шарап жетегінде кетіп,
Не таптың жауап берші осы дәрежеге жетіп?
Орындықта отырғандар көкте,жерге түспейді,
Қабат-қабат үйлер салып,көлікке жұмсап тиынді.
Бір қалтасында теңге,ал біреуінде доллар,
Бірде бие,бірде түйе жүз пайыз ауысқан бұлар.
К-сы
Тілді,дінді ұмытқан,таптап жерге ар-намысын,
Тарих толған көз жасы,қойдырған өзіне мүсін.
Әркім өз мұңын айтады,осы менің мұңым,
Қадірін біл жақындардың,қадірін біл нанмен  судың
Ауруын жасырған өледі,сөздеріме құлақ ас,
Жақсылықты түсінетін бұл өмірде адам аз.
Ластың досы-шыбын,жүрегінде жоқ иманы,
Ақиқаттан құралған бұл өмірдің жинағы.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ятим калган язлар  Al humazah  Ээджин дун Песня о матери Владимир Каруев  Вновь уходят эшелоны  Erik la la le  Татищев месяца  Кабели а вы суки  Kороче с матом АК47 
О чем песня
RapLady aka Aika - Өмірдің ақиқаты?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен