Самалтау (исполнитель: Бекболат Тілеухан)

Самал тау, қайран елім (өскен елім), шалқар көлім,
Не болар солдат болып көрген күнім,
Есіме қайта-қайта түсе бердің,
Кір-жуып, кіндік кескен қайран жерім (туған елім)

Атты емеспіз, жаяумыз, 
Жаяудан да баяумыз, 
Он бес күндей (сөтке) жүргенде, 
Омбы жаққа таяумыз.

Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр
Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр
Самал тау, қайран жерім (елім) артта қалды
Адасқан өрісінен біз бір үйір

Атты емеспіз, жаяумыз, 
Жаяудан да баяумыз, 
Он бес күндей (сөтке) жүргенде, 
Омбы жаққа таяумыз.

Әке-шешем бар еді,
Жасы жеткен кәрі еді,
Осынау әнге салдырған,
Он алтының зары еді...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Мы едем-едем  Отцвела липа белая  ZippO Остаток слов ZippO Остаток слов  Нас укроет ночь V2G feat Виктор Антонов  Часто сижу и думаю как мне тебя называть  Мультяшки моя родина  Spread your wings kno cunninlynguists  Сказочный рай 
О чем песня
Бекболат Тілеухан - Самалтау?
user_17414 6 Feb 9:26
Осы Самалтау әнінің авторына байланысты бізде деректер бар. Әннің авторы Көкшетау өңіріне белгілі композитор, әнші Үкілі Ыбырайдың шәкірті халық "Әнші Сұраған" деп білітін Сұраған Асаинов. 1889 Сиыр жылы Шалкаркөл мен Айыртау маңында дүниеге келген, 1916 жылғы Патшаның жарлығынан соң Солдатқа бір ауылдан 9 ер жігіттің аттанғаны, артында кәрі әке-шешесі қалғаны, Шалқар мен Омбының арасы тура жолмен 350 км егерде жаяу, баяу жүріспен күніне 20-25 км есептесек 15 күнде Омбыға таяу келесің. Сұраған 7 қыздан кейін Алладан сұрап алған жалғыз ұлы екен. Ол туралы Үкілі Ыбырайдың "Қалдырған" әнінің соңгы шумағында "Қалдырғанды тапсырдым Сұраған саған аманат" деп аманат етіп тапсырғанын Қапаш Құлышева әнінде, Ғазиза Жұмекенқызы және Үлкендер (Бүркітбай ақсақал) айтылады.Көріп отырсыздар бәрі ақиқат келіп тұр. Тек Үкілі Ыбырай "халық жауы" ретінде қамауға алынған соң Сұраған оның Совет билігінен қудалауға ұшырайтынын біліп, бір түнде бала шағасын алып Түмен жаққа бас сауғалаған, ұрпағыма кесірім тимесін деп бәрін жасырып жүруге мәжбүр болды дейді.
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен