Сен жыладын жігітім (исполнитель: Мукагали Макатаев)

Сен жыладың, жігітім, 
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп, Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың, Бір қатты соққы алдым деп, 
Бақытсыз болып қалдым деп. 
Жә, жә, жарар, Өткен күн оралар ма,
 Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма? 
Көтер қане басыңды, қалай бұның?! 
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?! 
Көтер қане басыңды! 
Күніңді босқа өткізіп пе едің? 
Тағдыр неге сыр айтты сары-ау, 
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
 Бақытсыздық - деп кім айтты саған?! 
Кім айтты саған?! Тұлпарды сүрінбейді деп, 
Асауды мінілмейді деп, 
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп. Кім айтты саған?! 
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп, 
Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп. Қиналып бекер алаңдадың-ау, 
Ойыңды шығар өріске! 
Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау,
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді, 
Өз сорын өзі жеңбесе. 
Өмірдің барлық сәтсіздіктері Бақытсыздық емес, ендеше.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
YES-R - Good Girls Gone Bed Радио ENERGY  Gel Bir Olax Birbirimize Meni Senden Seni Menden Milli  Для настроения кури растение  Сынрау торна - Звенящие журавли  Девочка из прошлого 2012 Stim  Раз и Навсегда Schokk ft Maxat ft 1Kla ft T10ne  Синяя Жопа ВмажЪ  American Girl Canadian Boy feat Bonnie McKee Mike 
О чем песня
Мукагали Макатаев - Сен жыладын жігітім?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен