Көкшетау Сәкен (исполнитель: Рамазан Стамғазиев)
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп Жүреді біліп кетіп есен-сауын Сексен көл Көкшетаудың саясында Әрқайсы алтын кесе аясында Ауасы дертке дауа, жұпар иісі Көкірек қанша жұтсаң - тоясың ба? Ырғалған көше бойлап қарғайы Қасында көк желекті әппақ қайың Жібектей желмен шарпып төңіректі Балқытып мас қылады иіс майың Көкпеңбек құз басынан мұнар кетпес Басына атсаң-дағы оғың жетпес Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес