Актобе-Шалқар (исполнитель: Шалқар)
Ақтөбеде Шалқар деген ел жатыр, Біздің елде туып өскен ер батыр, Еңкейме деп дұшпаныңның алдында, Қарттарымыз бала күннен берді ақыл. Ер Тілеудің жүрегінің оты бар, Ел қорғаған Дәрібай мен Көтібар. Ер Есеттің батырлығы бір басқа, Жаудан қорғап ел шетінде отырар. Дана десең дана да бар Шалқарда, Иманды елге не бермесің мәрт Алла, Мөңке бидің нақылынан нәр алып, Қазанғаптын күйін тыңда әр таңда! Асан ишан иманы бар, ары бар, Тағыберген қамшыгерім тағы бар. Алты Әлемнің ұранына айналған Бақтыбайды туған елдің бағы бар. Сары Батақ ел деп кешті қайғы мұң, Боранбайдың Сарышолағы айбыным. Кім білмейді Мырзағұлдай мырзаны, Халық үшін құрбан еткен байлығын. Саналы ұрпақ Ідіріспен мақтанар, Нағымдайын еңбек сүйсең бақ қонар. Туған елдің желбіреткен көк туын, Есенгелді ел есінде сақталар. Мекен еткен ауызы бір алты Әлім, Мен өзінмен мақтанамын - Шалқарым. Бізде туған әр азамат лайықты, Мол сеніммен тапсыруға хан тағын! Дұшпан болсаң қастығыңды кел ұқтыр, Досым болсаң қалжың айтып жеңіп тұр. Қорадағы жалғыз қойым сойылсын, Қонақ болсаң есігімді теуіп кір.