шет жүрсем - сағынарым (исполнитель: Неизвестен)

с. Қ.Жұмағалиев
ә. М.Омаров

Шет жүрсем - сағынарым,
Жабықсам - шағынарым
Анашым, бір өзіңсің
Табынарым

Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды

Ұшырған сұңқарыңмын
Қияға шырқарыңмың
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын

Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды

Қорғаным - өзің деймін
Жан дауа - сөзің деймін
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін...

Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ameno cover  Бур пала  The Kinks Do It Again  Too much to deal with  Jap man sat nam  Мария ху  Ак47-о 
О чем песня
Неизвестен - шет жүрсем - сағынарым?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен