Алматы туні (исполнитель: Кайрат Нуртас и Кабдышукур Алихан а Акнур)
Ажарлы көркің сұлу жаным, Бір көріп ұнап қалдың. Жүрегім сезген жылу барын, Бір көріп сыр ақтардым. Тайдырды жүзің ұяң жаным, Қолым да дірілдеді. Алматының түнін қиялдадым, Бақытты күнімдегі. Алматының түндері-ай, Махаббаттың мәңгі аралындай. Алматының түндері-ай, Аралайық бірге маралым-ай. Сыңғырлап күлкің, қалды менің, Елестеп құлағыма. Қылығың баурап алды сенің, Баладым сыңарыма. Шынайы сезім жанды мөлдір, Көзіңнің шырағында. Сағынып салсам әнді жаным, Елесің тұрады ма? Алматының түндері-ай, Алатаудың салқын самалындай. Алматының түндері-ай, Ұйқымды ұрлап сен алатындай (2х)