Қимасым (исполнитель: Бақыт)

Өзіңдей таба алмаспын асылды,
Жүрегім жылағанын жасырды.
Шарасыз ұмытармын қимастан,
Өткізіп айлар, жылдар, ғасырды.

Армандар сенде қалған аңсатты,
Ұмытам айтшы қалай сол шақты.
Махаббат шыншылдықты қалаушы еді,
Көңілің өзге жанды аңсапты

Қайырмасы:
Үнсіз мені мені мені мені, мені мені мені аңсап жүрсің бе?
Мен де сені сені сені сені, сені сені сені сағынам күнде!

Кінәлі мен боларын білмедім,
Жылуды тек өзіңнен іздедім.
Алдандым сол бір жылы сәттерге,
Алдамшы көктем емес күз бе еді.

Сағындым жаным сені сағындым,
Тағдырдың жазғанына бағындым.
Бағыңды тілеп сенің әрдайым,
Тәңірге жылатпа деп жалындым.

Қайырмасы:
Үнсіз мені мені мені мені, мені мені мені аңсап жүрсің бе?
Мен де сені сені сені сені, сені сені сені сағынам күнде!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Skrillex Live at Electric Daisy Carnival Las Vegas  Get You Off Fashion Lioness  Slow knights i got it bad  Xntrum Em Balik Artash Asatryan  Дискотекыш толам Влад Николаев  H1gh-Держать  I Realize The Screaming Pain Naruto Shipuuden OST  От 25 до 7 
О чем песня
Бақыт - Қимасым?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен