Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Өзің барда мұңым білінбей Құлпырамын қырдың гүліндей Сағынышпен іздеп келгенде Шықшы алдымнан жаным күлімдей Ойдан дауһар жүрмін жамылып Мұңнан моншақ көзге тағынып Жұлдыз шашқан айлы түндерде Өзіңді аңсап жүрмін сағынып Қайырмасы: Ойла, жаныңмен ойла Ойда мөлдір көзің Айға апарам деген Қайда сол бір сөзің? Сенсіз өтті талай күдерім Зуылдады арман күндерім Сағынтама сенің жаныңды? Менің жырақ алыс жүргенім Қалдырмашы мені жыраққа Өтті бір өтті бір апта Жүрегімнің түкпір төрінен Жан шуағым өзің тұрақта Қайырмасы: Ойла, жаныңмен ойла Ойда, мөлдір көзің Айға апарам деген Қайда сол бір сөзің?