Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Семсерін қайрап сайлаған, сертінен ешбір таймаған.
Түркінің күллі даласын Бахадүр бабам жайлаған
Қарсыда келген дұшпаны қарсы айрылып жайраған
Тоныкөк,Білге,Күлтегін тағлымға терең бойлаған
Тұлпарға мініп ер түрік көзінде жалын ойнаған
Ел десе байтақ жер десе есесін берген қай бабам
Егемен жұртым ендеше тегерлік қана сай маған

алмастай өткір ем ерліктің биік шоқтығы ем
Қазағын қаққан хандықтың Жәнібек Керей тектіден
Қасым хан салған қасқа жол қасиет көзі деп білем
Есім хан салған ескі жол өсиет сөзі деп білем
Тәукенің жеті жарғысын жеті қазынам деп білем

Ақтабан болып шұбырдық ордамды жаулап от кілем
Бірліктің мәнін ұғындық теңселген шақты тепкіден
Абылайды асқақ тұғыр қып хан сайладық ептіден
Үш жүздің басы біріксе  билеген жермен көкті кең
Алты алаштың рухымен алты құрлыққы жетті дем
Бірлігім тұрса бекем боп басынар дұшпан жоқ білем

Керуен де керуен жылдардың  көшіне қолым бұлғармын
Отырар, Түркістан болып ұлы далада бүр жардым
Фараби менен Яссауи ілімін жиып нұрландым
Ұлтымның мәңгі бағына ұлы Абай болып туғанмын
Ғасырдың ғажап таңынан Ыбырай үнін тыңдармын
Игі жақсылар жолының игілігінен үлгі алдым
Бабамның дархан даламның бақытын мәңгі жырлармын

Ғасырдың бастап ұлы әнін ұлт үшін туды ұланым
Әлихан Ахмет Міржақып алаштың бастап ұранын
Жалқыға көнбей жағынбай жалпыға теңдік сұрадым
Өлмейтін рухым жыр әнім сөнбейтін сәуле шырағым
Ерлікті аңсап өрлікті кеңдікті сүйген қыраным

Қазнамды ұрлап жау жеді халықта дәрмен бар меді
Бодандық басты бұғаулап күндерде өтті ау әурелі
Көрсекте қайғы қасірет өлмейтін рухым мәңгі еді
Тәуелсіздіктің жолында бабамның кетті бар кегі
Қасқайып тұрды қамал боп қалғанша соңғы әл демі
Желтоқсандағы ерлігім елімнің жаңа дәурені
Жастығым жақты қайтадан солардан қалған сәулені

Толысқсан шақта тасынбай адасқан шақта ашынбай
Алладан басқа ешкімге ұлт едік өскен бағынбай
Намысым менің нар кескен жарқ ете қалса жасындай
Тәуелсіз таңым бағалы бабамнан қалған асудай
Егемен ел боп жеттік ау аңсатқан алтын ғасырғай
Жалпақ әлемге жар салам жан қуанышымды жасырмай
Танитын талғам болса егер тарихым менің осындай
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Всё хочу делить с тобою поровну Арсен Петросов  Destroyer downtown  Ом мани  Riley reid  One thing girl  Portishead - only you  Zero 7 Pop Art Blue 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен