Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Алтай мен Атыраудың арасындағы Ұлан ғайыр алқар - көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бері ірге тепкен Ата қонысы. Ұлан ғайыр атырап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы - қазақтың алтын бесік Ата жұрты. Әбәрәкей, кім де кім осынау қасиетті жерімізге көз алартып, шырқымызды бұзар болса, өз қанына өзін тұншықтырарымызды біліп қойған абзал. Төсекте басымыз қосылмаса да, төскейде малымыз қосылған. Қай көршімізге айтарымыз осы! Дос болғанға құшақ ашық туыспыз, қас қылғанға қиып тусер қылышпыз!