Балапан қаз (халық әні) (исполнитель: Қарақат Әбілдина)
Бұл өлке - біздің ауыл жайлаған жер-ай Желіге асау құлын байлаған жер-ай Көзіме от жалыңдай көрінедай-оу Тебісіп, құлын-тайдай ойнаған жер-ай! Ей, ахау, сабаз! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай! Бұл өлке - біздің ауыл күзеген жер-ай Қарагөз бойын сылап, түзеген жер-ай Көзіме от жалындай көрінедай-оу Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай! Ей, ахау, сабаз! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай! Ей, ахау, сабаз! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!