Жалгыз досым (new version) (исполнитель: МузАрт)
Жалғыз досым, алыстасың менен сен, Жалғызсырап түсті бүгін өлең-сел. Жас балаша қуанушы едім мен, Көздеріңнің шуағына бөленсем. Қиналдым мен, бірақ сендей кім ұқсын, Өзің ғана мейірбансың, тұнықсың. Өмір – ащы, өне бойым, өне бойым сыздайды, Өз жарасын жүрек қалай, жүрек қалай ұмытсын. Ойлаймын мен, ой-мұң кейін шегінсе, Иығыңа басым қойып егілсем. Жұбатар ең, бір ақылды сөз тауып, Тіршілікке талпындырар едің сен.