Әкеге сағыныш (исполнитель: Гаухар Алимбекова)
ӘКЕГЕ САҒЫНЫШ Әні мен өлеңі: ГауҺар Әлімбекова. Арайлы ақ тілекпен Ән жолдаймын өзіңе. Сағыныш сазды жүрекпен Ән арнаймын өзіңе. Қайырмасы: Сағындым, әке, сағындым Тәңірге тәубе табындым Өзіңсің, әке, аяулым, әке қолдаушым Бақытым болжар, бақытым болжар бағымның. Сағынышпен самғайын Үмітіңді жалғайын. Әкенің жөні бөлек Қадірін біл, ағайын. Аққудай ақ арманым Ауырмашы, әкешім. Ауыры көп-ау жалғанның Қартаймашы, әкешім. Көкке өрлеп көңілің Нұрға толсын өмірің. Бақытты бол, жан әке Ұзақ болсын өмірің.