1986 (исполнитель: Диди жане Жакау)

Жақау:

1986 сайқал саясат кезеңі
Алматыда желтоқсан жамбырлы кез еді
Колбиннің ел басқаруы халыққа түскен езгі еді
Бұның арты не боларын ешкімде сезбеді
Дінмұхамед түсіріліп өзгенің келді кезегі
Алаңға қарай ағызды жастарды өмір өзені
Солдаттар тұрды кезеніп автомат пен күректерін
Сөз айтпаққа тырысты жастар түріп білектерін
Бәрінің көздегені ұлттық езгіден арылу
Шаршатқан оларды сайқал билікке бағыну
Табандап табыну, жымиып жағыну
Шыдамның да шегі жетіп аз ақ қалды жарылу
16 – желтоқсан үзіпті билік шынжырын
Қайыспапты Қайраттар жатса да қынжылып
Ербол мен Сабира, Ләззаттар құрбандыққа
Айналды көп кешікпей сабыр етіп айуандыққа
Жатпайтын адамдыққа сан түрлі азаптан өтті
Тәуелсіздік жолында қандарын да төкті
Ендеше ұмытпа тәуелсіздіктің келген жолын
Қалғанын кітаптан оқы мен айтып болдым

Қайырмасы:

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Диди:

Кім кінәлі бұл іске? партия совет пе?
Әміршіл жүйе, әділетсіз үкімет пе?
Тұрмыстық жағдайы нашар жұмыскер, студент пе?
Әлде Колбиннің келуі бірден бір себеп пе?
Әділетті сот қаншалықты әділетті?
Қайрат Рысқұлбеков айыпталды не себепті?
Әділеттілікті талап еткен топтар
Қалай ғана маскүнем, ұлтшылдар мен нашақорлар?
Қаншасын қинады қорлап, қаншасын қамады торға
Шаштан сүйреп ұл-қыздарды сабалады зорлап
Итке талап қүректермен астына алды қолшоқпардың
Қанша қорлық көрсек дағы мойымадық боп шыдамды
Кеудемізде әлі суық ызғар сол жылдардың
Төрт жылдан соң ашылды ақиқаттың шындықтары
Тәуелсіздік көк туы енді міне тұр жоғары
Ендеше алаңға шық қою үшін гүл шоқтарын!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Где мы с тобой наедине  Доьху аз  Паша Сли  Очень грустная песня про маму про маму  Марк котляр джазисты и камазисты  I long for you since i saw your eyes Of Course  Раскладывал пасьянс зеленый лес Лариса Луста  Ведьма Дымка Полина Болдова 
О чем песня
Диди жане Жакау - 1986?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен