Елім дегендер, қамын жегендер Адал өрендер, намысы (исполнитель: Бекболат Тілеуханов)

Елім дегендер, қамын жегендер
Адал өрендер, намысы қайнағандар
Елі үшін, ары үшін.
Қайратын қайрағандар
Қазақтың бағы үшін.
Сақтан, алашым, иманың – жиғаның,
Байқа аңғалым, жат қылар жанашырды.
Дос қылар жаманды,
Әзәзіл-аярлар бар, айырар араңды.
===
Баю үшін бағын да сатқандар,
Тою үшін де тонын да, арын сатқан,
Құлданған санасы.
Ел мен жер бізге аманат
Алаштың баласы.
Рухың кешегі, қайда қазағым?
Қайда барасың,
Мұңым сен, жатсам, тұрсам,
Жанымның ардағы.
Бауырлық бірлегенде,
Бағыңның орнауы.
===
Бойға сенім бере алсам деп едім,
Шемен-шеріңе дәруің болсам деп ем,
Уытты, қуатты.
Шыңыңа қонса ерлер, қырандай мұратты
Күндер өтер, жылдар жетеді, бәрі кетеді,
Жалынды жырым қалар,
Жаныңды тербеген.
Алдаспан айбарлы жыр
Жауыңа сермеген.
Қазақ елім, сүйеніш асқарым,
Қайсар қалпыңнан айныма,
Мұнарта бер, айбарлы асқағым.
Жауыңа мұң арта бер,
Серпілсін аспаның.
Серпіліп көк-аспаның,
Серпілсін санасы.
Ел мен жер бізге аманат
Алаштың баласы.
Ел мен жер бізге аманат
Алаштың баласы.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Сеть- макс корж  Пелагея вьюн  Любаша - Снег падает на всех  Спящая Красавица Стас Михайлов  Nobody Wants To Be Lonely Christina Aguilera  We Could Fly Sam Sparro  Hillsong не унывай  Again And Again Basto! 
О чем песня
Бекболат Тілеуханов - Елім дегендер, қамын жегендер Адал өрендер, намысы?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен