Үш қоңыр (исполнитель: Нұрсұлтан Назарбаев)
Үшқоңыр Алатаудың қойнауыңда, Әкемнің ізі қалған жайлауыңда. Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп, Арқарың жайылатын аймағыңда. Қайырмасы: Ай, Үшқоңырым, туған жерім, Рахым нұры тұнған жерім. Ай, Үшқоңырым, тал бесігім. Жүрегімде мәңгі есімің. Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар, Бабалар тұлпарының дүбірі бар. Бұл жерде Жамбыл-«Жәкең» өлең айтқан, Өнердің, ақындықтың тұғыры бар. Шындарың Төле бидің қалпағындай, Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай. Жуасы, қарақаты, бүлдіргені, Әжемнің шекер қосқан талқанындай. Көрінер сонадайдан анық маған, Шыңында қырандары қалықтаған. Самғаған қыранына құмар қылып, Өсірген ұландарын алып далам.