Козімнін карасы (feat. Адалис тобы) (исполнитель: Саги Хален)

САГИ ХАЛЕН feat. АДАЛИС тобы - КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ (АБАЙ)
Көзімнің, қарасы, Көңілімнің санасы. 
Бітпейді іштегі, Ғашықтық жарасы.
Жылайын, жырлайын, Ағызып көз майын 
Айтуға келгенде, Қалқама сөз дайын.
Шумақ 2 (рэп)
Тереңдеп қарайсың, Телміріп тұрмайсың.
Бейхабар жүргенсіп, Бек қатты сынайсың.
Кең маңдай, қалың шаш Я бір кез, я құлаш. 
Ақ тамақ, қызыл жүз, Қарағым, бетіңді аш!
Қара көз, имек қас, Қараса жан тоймас. 
Аузың бал қызыл гүл, Ақ тісің кір шалмас.
Қыр мұрын, қыпша бел,Солқылдар, соқса жел. 
Қарағым, бермен кел, Бізге де көңілің бөл. 
Не десем болар еп? Ғашығың да қайғы жеп, 
Өртенген жүрекке Бір көрген болар сеп. 
Біздердей ғашық көп, Қайсысы саған дөп? 
Жөндеп те айтпадым, Жүрегім лүпілдеп.
Назына кім шыдар? Бұраңдап жүр шығар. 
Қасқая күлгені, Қылады тым Құмар.
Ер емес қымсынар, Әркім-ау, ұмсынар. 
Құдай-ау, бұл көңілім, Күн бар ма бір тынар?
Шумақ 3
Қазақтың данасы, Жасы үлкен ағасы 
Бар демес сендей бір,Адамзат баласы.
Жүректен қозғайын, Әдептен озбайын, 
Өзі де білмей ме, Көп сөйлеп созбайын.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Shabazz Palaces Find Out  Danny Brown Side A  Danny Brown Wonderbread  Danny Brown Gremlins  Пудова  Avalon my dick  Danny Brown Torture  Immigraniada Bassnectar Remix Gogol Bordello 
О чем песня
Саги Хален - Козімнін карасы (feat. Адалис тобы)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен