Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Көк шыққанға бір қуанып,
Шөп шыққанға бір қуанып,
Өмір өтті-ау сырғып ағып, сырғып ағып.
Қызғалдаққа бір қуанып, 
Сарғалдаққа бір қуанып, 
Өмір өтті-ау сырғып ағып, сырғып ағып

Көк аспаннан бара жатыр
Өмірімнің жұлдызы ағып
Жетем деген арман жолы 
Бара жатыр жылда ұзарып
Жұлдыз неткен мұңлы жарық, мұңлы жарық

Ескі доспен кездескенде,
Есін шығып, шың қуанып.
Өмір өтті-ау сырғып ағып, сырғып ағып
Өсем деген ұлды бағып, 
Кетем деген қызды бағып,
Өмірімнің бара жатыр жұлдызы ағып.

Көк аспаннан бара жатыр
Өмірімнің жұлдызы ағып
Жетем деген арман жолы 
Бара жатыр жылда ұзарып
Жұлдыз неткен мұңлы жарық, мұңлы жарық

Қайран өмір сонша сүйген,
Кетесін-ау бір күн алып,
Ғұмыр өтті-ау сырғып ағып, сырғып ағып.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Подруга настя задорожная  Ринат Каримов-Ты танцуй  Перевод под музыку  Josh Groban The Christmas Song  Диджеи Моя Мишель  Бар Дикий Койот  Сон приходит на порог  Лети 2012 кобяков аркадий 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен