Махаббат Назы (исполнитель: Нур Мукасан)
Керегі қанша үлде мен маған бүлденің, Біреудің қайтем бетіме қарап күлгенін. Білмеді-ау маған ынтызар болған біреулер, Менің де қолым бір саған жетпей жүргенін. Алаулап атқан таңдардың Бақыты болып самғар кім? Өзіңе ғашық сезімді-ай Жаным-ау жаңа аңғардым. Өзіңе айтар жан сырым, Ойлаған күнді арманым, Жүректің ғашық сезімін Ән қылып саған арнадым. Арманы болып елестің, Өзімнен-өзім теңестім, Шын сүйсем егер де өзіңді-ай, Кінәлі оған емеспін. Жүректі жұлып алардай Өзіңді сүйсем сенбес кім? Сырымды айтып қалайын, Өмірге екі келмеспін. Көңіл ме, әлде сезім бе? Берілген мәңгі адамға Махаббат оты өшпейді-ай Тіршілк мына ғаламда. Жүректің ғашық сезімін Қол жетпес биік арманға Сырымды менің сезбесең, Сыртыңнан ғашық болам да-ай. Мөлдірей қарап көзіңе, Аша алмай сырды өзіңе, Ойлаумен сені аяулым Таусылды бәлкім төзім де-ей. Жырменен айтқан шумақтап, Түсінші жаным сөзіме. Қолымнан келген бақытты Сыйладым, жаным, өзіңе-ей.