Мол арман (исполнитель: Фариза Оңғарсынова)

Өмірдің өзі солай ғой,
нұр шаша бермес жарқырап ылғи күн алдан,
сәттер де болар
жол таба алмайтын тұманнан,
айрылар бейуақ қолтығыңнан сүйер сыңардан,
көңіліңде сонда жүрсе тек ұмтылдыратын,
жаныңды бұлқындыратын
аласармайтын бір арман,
сол ғана сені шығарар түбі құмардан.
өзгенің бәрі — өткінші,
бұл жай сыналған.
Тағырыңды солай әрқашан
сенім-күшпенен жалғасаң!
Дауылдарға қарсы өршеленбесең, жанбасаң,
құрысын ондай тірлігің деген. Сол оймен
жалтақтамаймын, паң басам.
Асуларым бар алда сан,
бұл екпінімнен танбасам,
мынау тірлікте отты жандардың өшпейтін
үміттерімен жалғасам.
...өмірге келіп, кеткеніңде
сенің не мән бар—
жүрегінде елдің қалмасаң!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Гуф-сто  Los Titanes Por Retenerte  Ты знаеш как хочеться жить  ANJell - Breathless  Neele neele ambar par  Макс корж жить с кайф  Нервы-это 
О чем песня
Фариза Оңғарсынова - Мол арман?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен