Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Ұлықбек Есдәулет
«Қара пима» және өмір шындығы

«Боранда үсіп, аяғы балтырынан кесілген жас баланың тағдыры туралы дастанның оқиғасын естігенде, көзіңе жас үйіріледі. Кейін аудио-таспаға түскен осы жырды талай кісінің көкірегі қарс айырылып тыңдағанын өз көзіммен көрдім. Бұл – Ұлықбек Есдәулеттің атышулы «Қара пима» поэмасы еді» - дейді Н.Қуантайұлы. [18, 8 б].
Алайда-дүлей ақ боран,
Ысырып,
 Ұйтқып,
 Бұрқырап,
Аттаған жанды қақпадан,
Қақпақыл қылар жұлқылап,  [15,  90 б]
-деп басталатын поэма көпшілік жұртқа таныс.
 Поэма негізінен екі бөлімнен тұрады. Поэманың басында алай-дүлей ақ боран, қарға көмілген ауыл, «көңілін ой күпті қылған» балаға кездесеміз. Анасы өлген, ал әкесінің күйі болса:
Ішуге сылтау табылар,
«Ішемін,-дейді,-күйіктен:
Қызған соң айтар әні бар:
«Өмір-ау, неткен сүйікті ең!» [15,  91 б].
 Поэманың көтерген басты тақырыбы - әке мен бала проблемасы, қазіргі заман. Қоғамымызда бел алып бара жатқан маскүнемдік, ішімдікке құмарлық жайлы сөз етіледі.
Қызып ап кейде «сорлым» деп,
Құшақтап ұлын жылайды.
«Арақты енді қойдым» деп,
Төсекке барып құлайды.

Әкесін сонда бас салып,
Кемсеңдеп,
 ернін тістелеп
Көзінен ыстық жас тамып,
Жалынар:
«Папа ішпе!» - деп [15,  92 б].
Көз алдыңа жалынышты жүзбен қарап тұрған бала келері сөзсіз.
 «Халықтың аузында, әннің сазында жүруі үшін өлең қыран самғар биікке көтерілуі керек шығар. Әйтпесе бүкіл елге қалай еленеді. Ұлықбек жырлары сахнада, экранда оқылады, домбыраның күмбір үнімен жарасым тауып толғау болып айтылады. Бірде Алматыдан Қаскелеңге бару үшін таксиге түстім. Жүргізуші бір әншінің домбыраға қосып айтқан Ұлықбектің «Қара пима» поэмасын машина магнитофонына қосып, сүйсініп, елітіп тыңдаумен болды.
-Қандай қасірет, қандай аянышты хал, осыны қалай келістіріп жазған, - дейді әлгі жігіт.
-Бұл Ұлықбектің жазғаны ғой, мен оны білемін,-деп айқайлап жібергім келді. Өлең құдіретін түсінбегенге айқайласаң да ештеңе жетпейді. Онсыз да отты жырдың жылуына балқып отырған ақынжанды замандасымның рахатқа бөленген көңілін қысыр әңгімеге бұрғым келмеді.
Осы арада ойыма студент Ұлықбек оралды. Осы «Қара пиманы» түбіт мұрт бозым шағында жазды. Алғаш рет өзі еңбек жолын бастаған «Дидар» газетінде жарияланды» - дейді Ғ.Байбатыров [38, 9 б].
Поэмаға қайта оралсақ:
Кетемін! Бол, - деп, - хош аман...
Анасы ғайып жоғалды.
 - Кетпеші, Мама «бес» алам!..-
 - Кемсеңдеп бала оянды, [15, 95 б].
- деген, осы жолдардан анаға деген сәби махаббаты, сағынышы ерекше көрінеді.
«Достарым жүр ғой далада,
Отырғанша үйде қамалып,
Кетем деп ертең қалаға,
Айтайын да жаңалық!…»
Киінбек еді…
 - Отыр! – деп,
Әкесі тыйып тастады.
 - Салып қой пешке отын!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
White stuff  Machinae Supremacy Truth of Tomorrow  По жести  Everybody inna  Матросы на палубе матросы курили  То что было  Мерза дахар Ринат Каримов 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен