гулсезим (исполнитель: Каракат и Кадырали)
Өмірге тағдыр айдап, Кездестім өзіңменен. Кезім боп бал-бұл жайнап, Қайғы-мұң сезілмеген. Қайырмасы: Тұңғиық көзіңдегі, Бөлендім шапағатқа. Бұл нәзік сезім бе еді, Бұл әлде махаббат па?! Көңілді алым ұшқан, Шаттығын жасыра алмай. Жандардай сағынысқан, Жалындап басыла алмай. Қайырмасы: Келеді құшақтағым, Келеді еркелегім. Ешкімге ұқсатпадым, Не деген көркем едің? Бейнеңе елжіреген, Тым ұзақ жаутаңдадым. Жанымның мөлдіреген, Сырларын айта алмадым. Қайырмасы: Тұңғиық көзіңдегі, Бөлендім шапағатқа. Бұл нәзік сезім бе еді, Бұл әлде махаббат па?!