Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Шығыс, Солтүстік, Батыс, Оңтүстік,
Қайтеміз бөлініп, таста кәне компасты.
Бағымызға білесің қанша ауыр жол түсті,
Қанды желтоқсан сонау ұмытпаспыз сол қысты.

Мойындап болмысты, қолдар мені бар қауым,
Бүгінгі Қазақстан бірлігінің арқауы...
Осы күнге куә құзартты биік әр тауым,
Зейін қойып тыңдасаң, үлгерерсің мән тауып.

Қобалжитын бар қауіп, ұмытқансың өз тіліңді,
Мені мүлде түсінбессің, қолыңа ал сөздігіңді.
Батысқа білем көз тігілді, өзгертіпсің сарыныңды,
Өзге елге еліктеп, жоғалтпақсың тамырыңды.

Мен қазақ жырының қамын ойлайтын азаматпын,
Сен болсаң намысыңды жерге таптап жазаға баттың.
Уайым жоқ, тамағың тоқ, болса да көйлегің көк,
Өтірік қана көпіріп, орынсыз сөйледің көп.

Ендігі өшір үніңді, қайда сенің азаттығың,
Мен қазақ сарбазымын насихаттаған қазақ тілін.
Саған сірә азап бүгін, бөтен болу өз еліңде,
Өкініш бар өзгеше өртеніп жатқан өзегіңде.

Мейлің маған қай жерден боласың қазақ картасында,
Егер жолымыз тоғысса қазақ тілі арқасында.
Әлде артқа тартасың ба, өзіңді және өзгені,
Сені қайдам, бауырым, бірақ мен алысты көздедім...
Неге түрің сесті, осы бір жырды естіп,
Бұл ақиқат бұрын болған ба саған көмескі.
Енді мені қолда, баршаға көмектескін,
Қазақ жырының қамын ойласаң, әкел бесті...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Сирумем сирумем кез вартан таймазян супер сако  Ввозу тебя р  Kari peace sign  Песня до свиданье начальная школа с мелодией  Едем едем в соседнее село переделка  Юрий линьков  Мой выбор сделан сознательно 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен