Асылымсың (исполнитель: Мадина Ералиева)

Асылымсың

Сөзi: С.Тұрғынбек

Бұлбұлмын, асқар таудан ән асырған,
Сен тұлпар алтын тұяқ тау асырған.
Дүниені қанша кезіп шарласамда,
Өзіңдей таба алмаймын жанашыр жан.

Қайырмасы:
Сен, жарқыра, ақ таңның, ақ таңның шуағындай,
Сен, сарқыра, мөп-мөлдiр Алатау бұлағындай,
Сен асылымсың, сен ғашығымсың.

Жанымды нұрландырған, шырағымдай,
Қасымнан қалмашы сен сыңарымдай.
Мен сенiң сүйдiм деген әр сөзiңдi,
Сақтайын мойнымдағы тұмарымдай.

Тағдырдың ризамын мен жарлығына,
Айналды сенiң атың ән-жырыма.
Өмiрде бәрi жалған деп жүргенде,
Сендiрдiң махаббаттың барлығына.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Asobi Seksu Walk On the Moon  Зара стоп  Asobi Seksu Nefi and Girly  Asobi Seksu Familiar Light  Asobi Seksu Transparence  Asobi Seksu Glacially  Asobi Seksu Trails  Pink Floyd - Another brick in the wall 2 
О чем песня
Мадина Ералиева - Асылымсың?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен