Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Айт дегенде өлеңді аңырмаймын
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын
Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсың тағы ертең-ай
Қайда жүрсем жақсының жанындамын
Іздегенмен жаманға табылмаймын
Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсың тағы ертең-ай
Әшілердің серігі домбыра ма
Тарта берсең домбыра болдыра ма
Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсың тағы ертең-ай
Домбыраны баппенен қолға алып
Шарықтата әнге сал оң бұра да
Еркем-ай
Бүгінгі күнің тамаша
Ертең бұдан көркем-ай
Еркем-ай
Бүгін болған тамаша
Болсын тағы
Болсын тағы
Болсын тағы ертең-ай