Аке мен бала (исполнитель: Мейрамбек Бесбаев Токтар Серіков)

Әке мен бала

Сөзi: К.Әмiрбек
 
Әкесi: Әкеңдi тыңдамай,
Не қылған баласың.
Кетем деп қалаға,
Мазамды аласың.
 
Баласы: Қалада қаңғырып,
Далада қаласың.
Деп әке нелiктен,
Бетiмнен қағасың?
 
Қайырмасы:
 
Әкесi: Бала, бала, бала, бала, бала!
Iсiң шала, шала, шала,шала!
Ойың дала, дала, қалада.
 
Баласы: Көке, көке, көке, көке, көке
Менi тектен-текке, текке сөкпе
Тердi бостан-босқа төкпе көкешiм!
 
Әкесi: Қалаға барып көр,
Бұзықтар сабасын.
Ауылда қалсаң ғой,
Қозы-лақ бағасың!
 
Баласы: Ауылда қалар ем,
Жоқ әке таласым.
Маңыратып бағатын,
Мал қайдан табасың?
Қайырмасы.
 
Әкесi: Жиендiк жасайтын,
Қай малшы нағашың?
Бiр шиша араққа,
Бiр қойдан аласың.
 
Баласы: Қаладан әкетай,
Қайтерсiң қашырып.
Қойыңды соям да,
Жасаймын шәшiлiк.
Қайырмасы.
 
Әкесi: Мал басы азайды,
Өзiң де байқарсың.
Соятын мал таппай
Сандалып қайтарсың!
 
Баласы: Қалаға қаңғитын,
Ендеше ойым жоқ.
Ал бiр-ақ ауылда
Бағатын қойың жоқ…
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ludwig van beethoven allegro con brio  Even Angels will fall Karl Jenkins  Foxyjazz  Шноравор цнундт бари Арам  Berlina  Christina Agilera-Hurt 
О чем песня
Мейрамбек Бесбаев Токтар Серіков - Аке мен бала?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен