1986 [muz-fresh.kz] (исполнитель: Данияр Рахметжанов және Аманкелді Өтешов)
Диди және Жақау – 1986 Жақау: 1986 сайқал саясат кезеңі Алматыда желтоқсан жамбырлы кез еді Колбиннің ел басқаруы халыққа түскен езгі еді Бұның арты не боларын ешкімде сезбеді Дінмұхамед түсіріліп өзгенің келді кезегі Алаңға қарай ағызды жастарды өмір өзені Солдаттар тұрды кезеніп автомат пен күректерін Сөз айтпаққа тырысты жастар түріп білектерін Бәрінің көздегені ұлттық езгіден арылу Шаршатқан оларды сайқал билікке бағыну Табандап табыну, жымиып жағыну Шыдамның да шегі жетіп аз ақ қалды жарылу 16 – желтоқсан үзіпті билік шынжырын Қайыспапты Қайраттар жатса да қынжылып Ербол мен Сабира, Ләззаттар құрбандыққа Айналды көп кешікпей сабыр етіп айуандыққа Жатпайтын адамдыққа сан түрлі азаптан өтті Тәуелсіздік жолында қандарын да төкті Ендеше ұмытпа тәуелсіздіктің келген жолын Қалғанын кітаптан оқы мен айтып болдым Қайырмасы: Тоңдырды мені, Тоңдырды сені Желтоқсан желі ызғарлы. Солдырды гүлді, Оңдырды нұрды, Көңілде мұңды із қалды. Диди: Кім кінәлі бұл іске? партия совет пе? Әміршіл жүйе, әділетсіз үкімет пе? Тұрмыстық жағдайы нашар жұмыскер, студент пе? Әлде Колбиннің келуі бірден бір себеп пе? Әділетті сот қаншалықты әділетті? Қайрат Рысқұлбеков айыпталды не себепті? Әділеттілікті талап еткен топтар Қалай ғана маскүнем, ұлтшылдар мен нашақорлар? Қаншасын қинады қорлап, қаншасын қамады торға Шаштан сүйреп ұл-қыздарды сабалады зорлап Итке талап қүректермен астына алды қолшоқпардың Қанша қорлық көрсек дағы мойымадық боп шыдамды Кеудемізде әлі суық ызғар сол жылдардың Төрт жылдан соң ашылды ақиқаттың шындықтары Тәуелсіздік көк туы енді міне тұр жоғары Ендеше алаңға шық қою үшін гүл шоқтарын!