17.09.2011ж.Кешiр жан журек (исполнитель: 17.09.2011ж бакытты бол)

Бал бақыттың төгіп нұрын,
Ойда жоқта жолықтырдым.
Өзіңді, нұрлым.
Сейілдіріп жүрек мұңын,
Аштым саған сезім сырын.
Сағынышым болдың, ән-жырым.
Сенсің күнім, шынар бағым,
Жүрегімнен жыр арнадым,
Сенсің таң шығым.
Шын талғамың биік екен,
Бұл тағдырдың сыйы ма екен,
Қолым жетпес сенсің, жарығым.

Кешір, ханшайым,
Сенің теңің бола алмасам, кешір, ханшайым.
Көңіліңді таба алмасам, кешір әрдайым.
Армандаумен өзіңді аңсаймын.
Кешір, ханшайым,
Бақыт отын жаға алмасам, кешір, ханшайым.
Мен сендік боп жаралмасам, кешір әрдайым.
Жүрегіңді кешір, ханшайым.

Жылы шуақ сөздеріңнің,
Еркелеген көздеріңнің,
Аңсап елесін.
Мәңгі бақыт құшағында,
Сен жүргенде құшағымда,
Жетер едік арманға бірге.
Сен арылмас махаббатым,
Жүрегімде бар қимас мұң,
Кешір, ардағым.
Хор қызындай сен қымбаттым,
Бақытты бол деп тіл қаттым,
Сүйе тұра қимай қоштастым.

Кешір, ханшайым,
Сенің теңің бола алмасам, кешір, ханшайым.
Көңіліңді таба алмасам, кешір әрдайым.
Армандаумен өзіңді аңсаймын.
Кешір, ханшайым,
Бақыт отын жаға алмасам, кешір, ханшайым.
Мен сендік боп жаралмасам, кешір әрдайым.
Жүрегіңді кешір, ханшайым.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
OST Шербурские зонтики 1964 год  My Lover Jamala Джамала  ПА ПА ПАПАПАПА папа  Shorora jeyran Алик Гюнашян  Приглашение в ЧК на 1 сентября  Неудачник Полный дебил Bzik  Снежная песня 
О чем песня
17.09.2011ж бакытты бол - 17.09.2011ж.Кешiр жан журек?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен