Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Бір жас бар – 10  жас деген ойнақтаған,

Тай мініп,жабағыны ойнақтатқан.

Келген соң одан әрі  – 15 жас бар,

Жастық шақ еш нәрсені ойлатпаған.

20-да өз жүзіңді түзейсің ғой,

Шашыңды кейін қарай күзейсің ғой,

Үлгісін ағалардың көргеннен соң,

Ой-ойлап әр нәрсені жүдейсің-ғой.

30-да,   30-да үй иесі боласың-ғой,

Балаңды әлди қағып аласың-ғой,

Келген соң одан әрі  – 35 жас,

Жігіттік қыдырыстан қаласың-ғой.

Бір жас бар  – 40 деген – қылыш екен,

Мойныңды бір жұмысқа бұрыс екен,

Келген соң одан әрі  – 45 жас,

Борышты болмағаның дұрыс екен.

Елуде ебің келмес еңкейгенмен,

Қыздарға қолың жетпес көркейгенмен.

Келген соң  – 55  жас, 60 жасқа,

Шал болып ойнайсың ғой кемпірлермен.

70-те жер таянбай тұра алмайсың,

Қолыңа таяқ алмай жүре алмайсың.

Балаң мен кемпіріңе тілің өтпей,

Әңгіме көп ішінде құра алмайсың.

80-де шал боларсың селкілдеген,

Жел соқса желмен бірге үлпілдеген,

Балаң мен келініңе тілің өтпей,

Ренжісіп отырғаның кемпірменен.

90-да шал боларсың томыртқадай,

Тастаған шала мұжып омыртқадай,

Өмірден өтеріңе сенгің келмес,

Дұшпанға жазатайым бергің келмес.

Жеткенде жасың 100-ге, жаның тәтті,

Қойнына қара жердің кіргің келмес.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Zebrahead One Shot  Zebrahead Timing Is Everything  Trailer Park Jesus Glassjaw  Zebrahead Wannabe  In the Drugs Low  Zebrahead Girls Just Want To Have Fun  Zebrahead Underneath It All  Nick cave and the bad seeds henry lee 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен