Ұзатылған сүйгенім (исполнитель: ZHan Bull)

[bad word] baiterek [bad word] zhan_bull

ZHan Bull (bai MG) – Ұзатылған сүйгенім

Тумасы көктемнің екі қозы бір ойнаған
Алғашқы кезден ақ сезімдері жойылмаған
Ұғыну махаббатты оларға жат болатын
Кім білген оларға басқа бақыт кеп қонарын

Сүйетін еді олар, бір-бірін жүрекпен
Қалай қиясың біреуін басқаға жүректен
Ата мен ананың алла алдында парызы
Ұя мен қияға қондыру соңғы қарызы

Билейді қызғалдақ қызға қарап алуан
Сұлулық әлемде қыздан ғана табылған
Билейді жапырақ есіп самал ағашты
Бұл емес әуенде айтылатын сөз басты

Ұзатылды сүйгенім атастырған жарына
Сенбей қалдым өмірде махаббаттың барына
Өзіңсіз келемін жетім қалған қозыдай
Қысқасы өлеңнің мағынасы осындай

Мұң тартып жанары,
Уақыт өтіп барады
Сірә жүрегімізге 
Салды ауыр жараны

Іздедім өзіңді дүрсіл қағып бұл жүрек
Ойладым өзіңді күндіз түні елжіреп
Болдым мен Төлеген, өзің болып Қызжібек
Айтшы маған өзіңсіз өмірден мына не керек ?

Жүректен шыққан сөз парақта қызыл шимай
Қыз үшін жүрдім күнде көңілін оның қимай
Таза мінсіз махаббат жүректің жалғыз қалауы
Сенімін ақтаған ғашықтар саусақпенен санаулы

Сезім жоқ өмірде болды қанша айтқаным
Кінәлама мені бұл өмір жайлы ойларым
Өмір мынау бақ пен қайғы күнде жарысқан
Тұрар қашан бақытым қолын бұлғап алыстан

Жырға толды ақ парақ көңілдегі сөзбенен
Өзің болдың кезінде бақытым  көздеген
Тамшысындай жаңбырдың тамып жерге ыстық жас
Мағынсын ұғынсаң жетер мұнда барлық наз
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Верный пёс Рок Острова и Владимир Захаров  Penelopa  Школьница Шан-Хай  Бэхет иле  Dramma не заслужил  Это всё любовь брат  Sarbel 
О чем песня
ZHan Bull - Ұзатылған сүйгенім?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен