Аке мен бала (исполнитель: Melo'Men & Алтынбек Коразбаев)
Әкесi: Әкеңдi тыңдамай, Не қылған баласың. Кетем деп қалаға, Мазамды аласың. Баласы: Қалада қаңғырып, Далада қаласың. Деп әке нелiктен, Бетiмнен қағасың? Қайырмасы: Әкесi: Бала, бала, бала, бала, бала! Iсiң шала, шала, шала,шала! Ойың дала, дала, қалада. Баласы: Көке, көке, көке, көке, көке Менi тектен-текке, текке сөкпе Тердi бостан-босқа төкпе көкешiм! Әкесi: Қалаға барып көр, Бұзықтар сабасын. Ауылда қалсаң ғой, Қозы-лақ бағасың! Баласы: Ауылда қалар ем, Жоқ әке таласым. Маңыратып бағатын, Мал қайдан табасың? Қайырмасы. Әкесi: Мал басы азайды, Өзiң де байқарсың. Соятын мал таппай Сандалып қайтарсың! Баласы: Қалаға қаңғитын, Ендеше ойым жоқ. Ал бiр-ақ ауылда Бағатын қойың жоқ…