Беріштер гимні! BERISH (исполнитель: ХАМЗИН ЖАКСЫЛЫК - заказчик)
Беріштерге арнау
1 - куплет
12 – ата Байұлы
7 – де баулы Беріштен
Жайсаңдар шыққан нешеме
Жау – жарағы келіскен
Қаратоқай, Есенғұл
Замандас екен ақ – желең
Тай – құлындай тебіскен
Толымды екен ортасы
Жаңбыршы, Себек, Бегіспен
Бөкенмен, Жанет, Құлкештер
Ұлдары екен Беріштің
Біріне – бірі ай сеніскен
К-сы
Толғайда – толғай толғанда
Жырымның құсын ұшырдым
Ұрпағы екен Беріштің
Кешегі сұлтан Бейбарыс
Билеушісі Мысырдың
Ер – Исатай, Махамбет
Дауысы жетті құлаққа
Кешегі қызғыш құсыңның
Пыштанай батыр бүгінге
Аңызы жетті күшіңнің
2 куплет
Кешегі қилы заманнан
Мунда бір самал еседі
Алшын – деп шапқан атойлап
Ағатай – бабам кешегі
Ұраны болып - Беріштің
Заманнан – заман көшеді
Құттыбай, Шұбар, Жаңбыршы
Батырбек, Қабыл, Есеттер
Бағланы, батыр, шешені
Жапарберді, Ұса – Үбілер
Сөзбенен қолды бастаған
Жақсымен, Жайсаң көсемі
3 – куплет
Беріштен өткен нешеме
Әулие – әмбе киелі
Бекмұхамбет, Әжіғали
Қыз – әулие, Қаламқас
Атағын елім ардақтап
Бүгінде басын иеді
Нешеме батыр – бабаның
Ала – құйын заманда
Түрікпенде қалған сүйегі
Разы болсын аруағы
Өсе берсін ұрпағы
Жыршының осы тілегі
Қ-сы
Толғайда – толғай толғанда
Жырымның құсын ұшырдым
Ұрпағы екен Беріштің
Кешегі сұлтан Бейбарыс
Билеушісі Мысырдың
Ер – Исатай, Махамбет
Дауысы жетті құлаққа
Кешегі қызғыш құсыңның
Толғайда – толғай толғанда
Жырымның құсын ұшырдым
Ұрпағы екен Беріштің
Кешегі сұлтан Бейбарыс
Билеушісі Мысырдың
Ер – Исатай, Махамбет
Дауысы жетті құлаққа
Кешегі қызғыш құсыңның
Кешегі баба Құлбарақ
Аңызы жетті күшіңнің