Ақ Айша (исполнитель: Ғарифолла Құрманғалиев)
Ақ айша Халық әні Айналайын, қарағым асыл айым Мінезімді несіне жасырайын Расыңмен көңіліңді берсең маған Бала қаздай жем беріп асырайсын Мінген аты торы ала-ай Жалтарады қояндай Татулықтың белгісі Қозы Көрпеш - Баяндай Аяңда, сәулем, аяңда-ай Аяңдашы, аянбай Сен қалайсың, қарағым, мен дегенде Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде Тигізетін құрбыңа пайдаң бар ма Күндіз-түні сені ойлап шөлдегенде Мінген аты торы ала-ай Жалтарады қояндай Татулықтың белгісі Қозы Көрпеш - Баяндай Аяңда, сәулем, аяңда-ай Аяңдашы, аянбай