Бакыттын келдi уакыты (2013) (исполнитель: HalFani & Askhat Jalgabai)
HalFani: Түсініп білгендей болдым осы өткен уақыттарда Сенің оның кім екені мені көмді сұрақтарға Таңғалмаймын көмілсемде тойдан қалған сарқыттарға Білемін басың жасайды қызық емес бақыт қана Сен тіпті әлі білмейсің қайда қадам басқаныңды Кімді іздеп тапқаныңды, кеше кімнен қашқаныңды Тілеп ашық аспаныңды жақындаттың дұшпаныңды Қараңғы дауылды тартып ұмытыпсың ұстанымды Қарасамда саған тіке бұрыңғы пәкті көрмеймін Өмірге күліп қарайсың шынайы бірақ сенбеймін Түрін сенің желкенішті желмен бірге желпілдейтін Артына қалдырдың ізді білдіртпейтін өлген иттей Оң және солды түртпей қай ісіңе жетісесін Сыртыңнан байқап қарасам ауысқандай сенің есің Есімде әлі бәрі сенің келбетің сүйем деген Ойласам жыным қайнайды уақыттарға саған сенген Бара берген тоқтамастан талмастан екі аяғым Құлақ шекеден ойнауда кешегі өмір баяным Көк тиын болмасада бақытты мен саған әкелдім Ал сен, соңында бәрін құртатын жарақ әкелдің Сенімімді мүлдем құртты жасаған сенің әр ісің Кесірін өзгеге тисе себепші сен кінәлісің Ендігі жиналысым өтеді әрине сенсіз Сен бөлек ортаға кірдің қызықсыз өтетін менсіз Бақытты бол деп менде бос сөзді айтқым келмейді Сенің екі көзің шынайы махаббатты көрмейді Тіпті сезініп білмейді біле білсем беске сені Өзіңді алдағаныңды білген соң ұғасың мені Ерегесіп қырсыққанның соңы неге апарады Ұқсататын болсақ олда күздің сары жапырағы Қайғы мұңды арттыратын жүрекке жақын тарттыратын Бәрібір өшпейтін күндей кеудене жазылды атым Жазылмайды таңғы хатың мені ерте оятатын Әңгімеміз жараспайды ендігі саған айтатын Жолдарымыз теңеспейді соңында бірге қайтатын Түсімізгеде енбейді сол күндер тыныш жататын Қандай жақтан көрінсеңде салқын жүрек ақтамайды Қандай жылы сөз айтсаңда әлсіз миым сақтамайды Жібітетін тәтті қылқың бұрыңғыдай жатталмайды Жүрегім емес бүткіл ағзам сені жақтырмайды Қайырмасы: Асхат Жалғабай Жоғал көрінбеші енді көзіме Уақытта келді төзімге Дақ салдың өткен күндерге Кіршіксіз тұнық сезімге Жоғал елестемей менің көзімнен Шаршадым жалған сөзіңнен Бақыттың келді уақыты Болшы тек енді өзіңмен