Анасыз оскен балалар (исполнитель: Жакау Диди Жане Мен Айдос)

Жақау

Анашым қайда сенің жұмсақ алақаның
Қайда жылы сөзің, айым, балапаным
Қайда сенің көздеріме қарап тұрып жымиғаның
Бауырыңа басуда, ол да білем бұйырмады
Анашым қайда,қайда сенің жан жылуың 
Қандай жолы бар мені бақытты қылудың 
Қайда сенің маңдайымнан сүйетін еріндерің 
Ең азы бір түсімде шын бейнеңмен көрінбедің 
Анашым қайда аналық бір қасиетің 
Болар мекен сәтім құшақтап сені сүйетін
Қайда? Қайда? Қайда менің таудай әкем
Тас жүрегін жұмсартып,қайтып келер мекен 
Қайда? Қайда? Жетімдікке қарсы дәрі
Жетім деп кемітеді мектепте бәрі
Анашым қайдасың, құшақташы мені
Өзгерсінші әлем, жетімдіктің реңі

Қайырмасы:

Ана сүтін ембедім Құшағына енбедім 
Аймалаған аялы Алақанын көрмедім. 
Туғаным жоқ, тумам жоқ Менде қызық-думан жоқ. 
Қырға шығып бала боп, Көбелек те қуғам жоқ.

Диди 

Сәлем Анашым, оқысаңыз осы хатты
Жүзіңізді көрмесем де сағынамын қатты
Сағынамын достарымды, үнін домбыраның 
Сағынамын қазағымды, туған жердің топырағын
Айтыңызшы әке, қаншалықты менің құным
Жетімді жылатпаған ел едік қой тұғын
Енді міне жанұямда әкем еркек,шешем еркек
Алып кетші мені, жылатпашы қазақ ұлын
Сәлем қалың жұртым, туған жерім, қазақ халқым
Естисің бе мені, жетімдердің мұңлы зарын
Арамызды алып жатыр алты құрлық, мұхит, теңіз
Тағдырдың жазғанына қайтеміз көнеміз
Осымен аяқтайын ал егер де іздесеңіз
Жүрегіміз шет жерде, жан-жақта бүйрек, өкпеміз
Менің тағдырымды ей Алла басқа салмасын
Сәлеммен өз халқына қазақтың қара баласы!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Молодычка  Илона кесаева малиновый закат  С тобой хочу  Фэри Тукэ Яна Лекарева  Дикий пес  Елбонов  Midnight Илья Киреев  Blank побеждает 
О чем песня
Жакау Диди Жане Мен Айдос - Анасыз оскен балалар?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен