Lyailim Shiraq (feat. Shaba Adenkulkyzy) (исполнитель: Qazaq Lounge)
Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ? Жаңа таптым ауылыңды көптен сұрап. Жел тимесе, жан тимес деп жүргенде, Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ. Аққу едің таранған айдындағы, Ұштың ұзап қанатың жайдың-дағы. Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың, Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы. Осылай ма ей, қалқа, айтқан сертің, Жүрегімді жандырды ғайшық дертің! Мұнша неге сен мені әуреледін, Болмаған соң әуелде баста еркің?! *Ақан Сері*