Махаббат деген қандайды (исполнитель: Нұр-Мұқасан)
Махаббат деген қандай-ды, Қарасаң көзің талмайды. Сағынған жанға жете алмай, Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды... Қайырмасы: Ғашықсыз өмір – өмір ме, Егілме, жаным, егілме. Көктегі күнге қол созған, Не дерсің мынау, Не дерсің мынау көңілге? Күлерсің-дағы жыларсың, Жыларсың-дағы шыдарсың. Жазылмас дерттің дауасын Жаным-ау, кімнен, Жаным-ау кімнен сұрарсың? Махаббат – өмір ғажабы, Алқызыл гүлдей ажары. Сүйемін жеген жалғыз сөз Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады. Қайырмасы: Махаббат – мәңгі ертегі, Көңілдің күйін шертеді. Ертіп жүрсең, шіркін-ай, Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені.